Біз сізге бақытты өмірге оралуға көмектесеміз!
3
филиал
7
шеберхана
Біздің протездеу орталықтарында протездеу процесі қалай жүреді
01
Емделушіні тексеру және протезге арналған жиынтықтаушы бұйымдарды таңдау
Алғашқы кеңес беру кезінде маман протез жиынтығын жасайды, ол сіздің дене белсенділігіңіздің деңгейіне, хоббиіңіз бен қызығушылығыңызға байланысты болады.
02
Сынама (киіп көруге болатын) гильзасын жасау
Егер сіз ерекшеленгіңіз келмесе, онда біз сау аяқ-қолыңыздың параметрлеріне мүмкіндігінше ұқсас болатын косметикалық қабықшаны шығарамыз.
03
Протез жасау
Сынама гильзасындағы протезді сынақтан өткізгеннен кейін, емделуші бұйымды тестілік пайдалану режимінде анықталған кемшіліктерді техникпен бірге талқылайды. Содан кейін протез түпкілікті қайта қарау және тұрақты гильза жасау үшін техник-протезшіге қайтарылады.
04
Протезді косметикалық қаптау
Егер сіз ерекшеленгіңіз келмесе, онда біз сау аяқ-қолыңыздың параметрлеріне мүмкіндігінше ұқсас болатын косметикалық қабықшаны шығарамыз.
05
Протезді қолдануды үйрету
Біздің мамандарымыз бен техник-протезшілеріміз жүрісіңіз мүмкіндігінше табиғиға жақын болатындай етіп жүруді үйрету арқылы протезді игеруге көмектеседі. "РПОО" АҚ-мен жаңа өмірге қадам басу
Қол протездерін өндіру процесі
Қолдарды протездеу медициналық оңалту кезеңі болып табылады, оның нәтижелері мүгедектің қазіргі қоғамға кірігу мүмкіндігін айқындайды.
Оңалту тиімділігіне әсер ететін негізгі факторлар: ампутация дәрежесі мен себебі, тұқылдың анатомиялық-функционалдық жағдайы және емделушінің жасы.
Протездеу кезеңдері
"РПОО" АҚ техник-протезшілері қол протездерін дайындайды: білек протездері, иық протездері - әр емделуші үшін қатаң жеке түрде өндіріледі, сондықтан екі бірдей бұйым жоқ, ал өндіріс процесі белгілі бір уақытты алады және бірнеше сатыда жүреді.
01
Емделушіні қарап-тексеру және протезге арналған жиынтықтаушы бұйымдарды іріктеу
Емделушіні тексеру кезінде дене құрылымында және оның сегменттерінде нормадан тыс ауытқулардың бар жоқтығы анықталады, аяқ-қолдың ұзындығы мен көлемі өлшенеді, буындардағы қозғалыс амплитудасы, бұлшықет күші және тірек-қимыл жүйесінің функциялары анықталады. Ампутацияның деңгейі мен себептері, аяқтың ақаулары мен аурулары, қатар жүретін аурулар, дене салмағы мен жасы анықталады. Тексеру және емделушіге жеке кеңес беру нәтижелері бойынша протез конструкциясы тағайындалады және өлшемдер алынады.
02
Гипс негативтері мен позитивтерін дайындау
Қол протездерін жасау үшін тұқылдың гипстен көшірме бедері бойынша жасалған қабылдау гильзалары пайдаланылады. Протездеудің сәттілігі қабылдау гильзасының кесілген қолдың анатомиялық параметрлеріне сәйкес келуімен тікелей байланысты. Гипс таңғыштарын қолдана отырып, тұқылдың кеңістіктік ізі алынады - гипс ерітіндісімен құйылған негатив және позитив алынады, ол кейіннен сүйек доғаларының босатылуын және тұқылдың қабылдағыш гильзасына еркін енуін ескере отырып қолмен өңделеді. Позитив емделушінің кесілген аяқ-қолының мүсіндік көрінісі болып табылады.
03
Өлшеу гильзасын жасау
Кесілген аяқтың мүсіндік ұқсастығына сәйкес, позитивті, сынамалы қабылдау гильзасы жасалады. Өлшеу кезінде гильзаның ішкі қуысының тұқыл пішініне сәйкес келуінің дәлдігі тексеріледі. Протез кесілген қолда мықтап отыруы керек, бірақ ыңғайсыздық, ауырсыну және аллергиялық реакциялар туғызбауы керек. Өлшеуден кейін протездік өнімді алдын-ала құрастыру және сынау жүргізіледі. Бұл кезеңде емделушіге протезді қолдану үйретіледі, қабылдау гильзасын қиыстыру және өнімнің құрамдас бөліктерін түзеу аяқталады.
04
Тұрақты гильза мен косметикалық қабық жасау
Сынақты киюден және техника бұйымын пысықтағаннан кейін протезшілер тұрақты қабылдау гильзасын дайындауға және сынақ кезеңінде анықталған барлық өзгешеліктерді, сондай-ақ анатомиялық, физиологиялық, антропометриялық және биомеханикалық аспектілерді ескере отырып, протездің түпкілікті схемасын жасауға кіріседі. Қабылдау гильзасы дайын болған кезде, өнімді түпкілікті құрастыру және оны емделушіге беру жүзеге асырылады. Жасанды қолдың косметикалық қабығы табиғи қолдың түсіне ұқсастырылып немесе кез келген басқа түсті және графикамен қоса жасалуы мүмкін. Оңалту іс-шараларының кешені протезде жүруді, күнделікті түрлі жағдайларда оны дұрыс ұстауды, сондай-ақ бұйымға, қаптарға және тұқылға күтім жасауды үйретуді қамтиды. Ампутацияның әр жағдайы және сәйкесінше протездеудің әр процесі ерекше. Сондықтан біздің компаниямыздың техник-протезшілері мен реабилитологтары протездеудің әрбір жеке жағдайында әрбір клиентке жеке тәсілдеме қолданады.
РПОО" АҚ-на жүгініп, сіз заманауи қоғамда өзіңізді еркін сезіну үшін жеке сапалы протезді және оңалту іс-шаралары кешенін алатыныңызға сенімді боласыз.
Біз Қазақстанның барлық өңірлерімен және басқа елдермен жұмыс істейміз
Біздің протездік-ортопедиялық орталықтар желісі Қазақстан Республикасының басым бөлігінде орналасқан. Бізге хабарлассаңыз болғаны, қай орталықтың немесе шеберхананың сізге жақын екенін айтамыз. Ал егер мемлекеттік тапсырыс бойынша бізден протезделетін болсаңыз, сізді стационарымызда жатын орынмен қоса тамақпен де қамтамасыз етеміз.
"РПОО" АҚ протездік-ортопедиялық орталықтар желісі
Қазақстан бойынша 3 бөлімше және 7 шеберхана: Алматы, Семей, Петропавл, Қарағанды,Астана , Актобе, Қызылорда, Қостанай, Тараз, Талдықорған.
Алматы
WhatsApp-қа өту үшін нөмірді басыңыз
WhatsApp-қа өту үшін нөмірді басыңыз