Біз сізге бақытты өмірге оралуға көмектесеміз!
3
филиал
7
шеберхана
Аяқ протездерін өндіру
Аяқтың немесе оның бөлігінің жоғалуы ауыр функционалдық бұзылулармен және, тиісінше, қозғалу әрі өзін-өзі күту қабілеттерінің жоғалуымен бірге жүреді.
Протездеу неғұрлым ерте басталса, емделуші протезде өз бетінше жүруді соғұрлым тезірек үйренеді және оның жүрісі барынша табиғиға ұқсас болады. Протездік бұйымдарды өндіру - бұл іс жүзінде көп еңбекті қажет ететін зергерлік жұмыс, ол техник-протезші мамандарының тиісті кәсібилігін талап етеді.
Болашақта емделушінің протезді қолдана алуы, протез схемасы қаншалықты дұрыс жасалғанына және қабылдау гильзасының қаншалықты сапалы дайындалатынына байланысты болады. Протез жасау жеткіліксіз, емделушіні онымен жүруді үйрету керек, жаңа шартты-рефлекторлық байланыстарды дамыту, жүрудің жаңа динамикалық стереотипін жасау керек.
Ол үшін ЕДШ (емдік дене шынықтыру) және протезде жүруді оқыту мектебін қамтитын оңалту іс-шараларының кешені әзірленеді.
Протездеу кезеңдері
01
Емделушінің кеңес алуы және жиынтықтаушы бұйымдарды іріктеу
Емделушіні қарау кезінде ампутацияның себебі анықталады, емделушінің жалпы жағдайы, қатар жүретін аурулар, мүгедектік тобы, сондай-ақ науқастың тұрмыстық және кәсіптік ерекшеліктері, оның ішінде тұрғылықты жеріндегі климаттық жағдайлары анықталады. Ампутацияланған аяқ-қолды мұқият тексеру жүргізіледі және:
Барлық қажетті зерттеулерден кейін дизайн, параметрлердің жеке құрастыру схемасы және өнімді бекіту әдісі нақтыланады.
02
Гипстен көшірме бедерді алу
Гипс моделін жасау ерекше күтімді және белгілі бір ережелерді сақтауды қажет етеді. Гипстік бинттердің көмегімен негатив жасалады, содан кейін ол гипс ерітіндісімен толтырылады. Гипс қатқаннан кейін негатив жойылып, позитив алынады. Осылайша алынған мүсіндік модель қолмен өңделеді.
03
Бастапқы гильзаны дайaындау
Гипс моделі дайын болған кезде техник-протезші бастапқы қабылдағыш гильзаны шығаруға кіріседі, технологиялық схеманы жасайды және бастапқы аяқ протезін құрастыра бастайды. Дәрігер-протезшінің бақылауымен киіп көру, протезде жүру негіздері және оқыту жүргізіледі. Өнімді сынамалы кию кезінде қабылдау гильзасының пішініне және протездің конструкциясына қажетті өзгерістер енгізіледі. Қиыстырып келтіру протезді пайдалану кезінде максималды жайлылыққа жеткенге дейін жүзеге асырылады.
04
Тұрақты гильза мен косметикалық қабық жасау
Протез бұйымын сынамалы кию және техник-протезшінің бақылау нәтижелері бойынша тұрақты қабылдау гильзасын дайындауға және протезді технологиялық аяқтауға кіріседі. Жайлылықты арттыру үшін қабылдау гильзасының ішкі қуысы серпімді материалдан жасалған ішпекпен толықтырылады.
Жасанды аяққа эстетикалық көрініс беру үшін косметикалық қабық жасалады. Оның түсі аяқтың табиғи түсіне сәйкес келетіндей немесе емделушінің қалауына қарай басқа болуы мүмкін. Сондай-ақ, біз қабылдау гильзасын жеке жарқын дизайнмен жасап бере аламыз.
05
Протезде жүру мектебі
Оңалту іс-шараларының кешені протезде жүруді, күнделікті түрлі жағдайларда оны дұрыс ұстауды, сондай-ақ бұйымға, қаптарға және тұқылға күтім жасауды үйретуді қамтиды.
Іс-шаралар кешенін реабилитолог және техник-протезші маманы әр емделуші үшін жеке әзірлейді - бұл қателіктерден аулақ болуға және алғашқы қадамдардан бастап дұрыс симметриялы жүруді игеруге, қалып пен дененің тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік береді. емдік дене шынықтырумен айналысу бұлшықет күшін жаттықтырады, координация мен қозғалыс ептілігін дамытады.
Реабилитологтар протезге дұрыс күтім жасауды үйретеді, бұл өнімнің атқарымдығы мен сыртқы түрін сақтайды. Тұқыл терісінде жағымсыз реакциялардың пайда болуының алдын алу үшін протездің барлық ішкі және сыртқы бөліктерін таза ұстау қажет. Ампутацияның әр жағдайы және сәйкесінше протездеудің әр процесі ерекше. Сондықтан біздің компаниямыздың техник-протезшілері мен реабилитологтары протездеудің әрбір жеке жағдайында әрбір клиентке жеке тәсілдеме қолданады.
"РПОО" АҚ-на жүгініп, сіз заманауи қоғамда өзіңізді еркін сезіну үшін жеке сапалы протезді және оңалту іс-шаралары кешенін алатыныңызға сенімді боласыз.
Мемлекеттен протез алу үшін барлық қажетті құжаттарды дайындауға көмектесеміз
Біздің қызметкерлер құжаттар пакетін дайындауға және барлық нысандарды сауатты толтыруға көмектеседі.
Біз Қазақстанның барлық өңірлерімен және басқа елдермен жұмыс істейміз
Біздің протездік-ортопедиялық орталықтар желісі Қазақстан Республикасының басым бөлігінде орналасқан. Бізге хабарлассаңыз болғаны, қай орталықтың немесе шеберхананың сізге жақын екенін айтамыз. Ал егер мемлекеттік тапсырыс бойынша бізден протезделетін болсаңыз, сізді стационарымызда жатын орынмен қоса тамақпен де қамтамасыз етеміз.
"РПОО" АҚ протездік-ортопедиялық орталықтар желісі
Қазақстан бойынша 3 бөлімше және 7 шеберхана: Алматы, Семей, Петропавл, Қарағанды,Астана , Актобе, Қызылорда, Қостанай, Тараз, Талдықорған.
Алматы
WhatsApp-қа өту үшін нөмірді басыңыз
WhatsApp-қа өту үшін нөмірді басыңыз