instagram  фэйсбук значек

RU

Құрметті қызмет тұтынушылар!

Құрметті қызмет тұтынушылар!

2021 жылғы сәуірдің 27 бастап кеуде безі протезімен (КБП) мемлекеттік қамтамасыз ету басталды. 

Есіңізге саламыз: 

2021 жылғы қаңтардың 1 бастап протез-ортопедиялық бұйымдармен мемлекеттік қамсыздандыру aleumet.egov.kz әлеуметтік қызмет порталы арқылы жүзеге асады. 

Қызмет түрлерін алу үшін Сізге мыналар қажет:  

  1. Тұрғылықты жеріңіздегі қамсыздандыру бөліміне немесе халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) Жеке оңалту бағдарламасын (ЖОБ), жеке куәлігіңізді және мүгедектік туралы анықтаманы алып бару. Қызмет түрін алу туралы өтініш жазып, aleumet.egov.kz әлеметтік қызмет порталына кіруге рұқсат алу.
  2. Электронды-цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы aleumet.egov.kz әлеметтік қызмет порталында авторизациядан өту.
  3. Авторизацияланған соң «Сізге арналған көмек» бетін таңдау.
  4. Ашылған терезеде «Техникалық оңалту құралдарын» таңдаңыз.
  5. Тапсырыс бергіңіз келген бұйымды таңдаңыз.
  6. Жеткізушілер тізілімі ашылады. Қалаған жеткізушіңізді таңдаңыз.
  7. ЭЦҚ арқылы қызмет түрі құнын өтеу туралы өтінішке қол қойыңыз.
  8. Бұйымды алудың өзіңізге ыңғайлы тәсілін таңдаңыз: өзіңіз алып кету немесе тұрғылықты жеріңізге жеткізіп беру.

Бұйымды «РПОО» АҚ-да алу үшін Сіздің мына құжаттарыңыз болуы қажет:  

  1. Қамсыздандыру бөлімі әлеуметтік қызмет порталына жіберген электронды жолдама. 
  2. Физикалық тасымалдаушыға (флеш-карта) жазылған ЭЦҚ (электронды-цифрлы қолтаңба) кілт.  
  3. ЭЦҚ арналған құпиясөз. 

Қызмет алуға қатысты туындаған қиындықтар, сұрақтарыңыз болып жатса немесе сөйлесіп кеңес алғыңыз келсе, өзіңізге қолайлы уақытта мына телефондар арқылы бізге хабарласыңыз немесе WhatsApp арқылы жазыңыз:

+7 (708) 651 90 03 (WhatsApp)

+7 (771) 506 40 10 (WhatsApp)

+7 (727) 279 30 87